Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді
Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді
Елімізде 2023 жылдың ақпанында қаңтармен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,7%-ға азайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 118 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 174 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 17 944 мәміле. Мәмілелер саны бойынша Алматы (4 231– 17,5%) және Астана (4 208– 17,4%) қалалары алғашқы орындарда. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 265 бірлік (1,1%). Қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда ең көп өсім Шығыс Қазақстан (26,1%), Ақмола (15,5%) және Жамбыл облыстарында (15,4%) тіркелді. Мәмілелер саны бойынша көш басында тұрғанына қарамастан, бір айдағы ең үлкен төмендеу Алматы қаласында (-24,4%), сонымен қатар, Жетісу (-13,3%) және Ұлытау (-7%) облыстарында болды.