Жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте 1 104 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда бір тәулікте 1 104 адам коронавирус жұқтырды

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 16 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайды жариялады. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 104 жағдай тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 236, Алматы қаласында - 88, Шымкент қаласында - 11, Ақмола облысында - 78, Ақтөбе облысында - 61, Алматы облысында - 6, Жетісу облысында - 29, Атырау облысында - 27, Шығыс Қазақстан облысында - 31, Абай облысында - 12, Жамбыл облысында - 6, Батыс Қазақстан облысында - 105, Қарағанды облысында - 137, Ұлытау облысында - 4, Қостанай облысында - 85, Қызылорда облысында - 27, Маңғыстау облысында - 31, Павлодар облысында - 71, Солтүстік Қазақстан облысында - 49, Түркістан облысында - 10. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 379 791 жетті. Ал, 1 431 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 344 462 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.