Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы айтарлықтай төмендейді
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігін енгізуде
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға дейін арзандайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Вице-министр Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, тегін медициналық көмек пен МӘМС шеңберінде қолданылатын дәрілердің шекті құны төмендейді. Сонымен қатар, түпнұсқаға балама сапалы препараттардың бағасы да 30%-ға дейін арзандайтын болады.
Бағаның төмендеуіне маркетинг, тасымалдау және сапаны бағалауға арналған шығындарды алып тастау әсер етеді. Бұл өзгерістер МӘМС шеңберіндегі дәрілердің құнын 20%-ға, көтерме саудада 25%-ға, ал бөлшек саудада 30%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Бақытжан Бекболат