Жаңалықтар

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: Ауа райы күрт нашарлайды

The final spritzer

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бірқатар аймақтарда тұман, боран және қатты жел болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 26-27 ақпан күндері ел аумағында ауа райының күрт өзгеретіні туралы ескерту жасады.

Синоптиктердің болжамынша Батыс өңірде қарлы боран соғады. Шығыста тұман басады. Оңтүстікте жауын-шашын мол түсіп, ауа райы қолайсыз болады. Солтүстік пен орталық аймақтарда жауын-шашын қарға айналып, көктайғақ күтілуде.

Сонымен қатар, 26 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Ұлытау, Қызылорда және Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар бес жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.