Жаңалықтар

Қазақстанда депозиттік салымдар көлемі қысқарды

Қазақстанда депозиттік салымдар көлемі қысқарды

Ұлттық банк есебіне сүйенсек, 2023 жылдың сәуір айында Қазақстанның депозиттік ұйымдарындағы клиенттердің депозиттері 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 1,3%-ға немесе 402 млрд теңгеге қысқарып, 30,3 трлн теңгені құрады. Құжатқа сәйкес, теңгедегі депозиттер сәуір айында 0,7%-ға – 21,4 трлн теңгеге дейін қысқарды. Депозиттік ұйымдардағы компаниялардың теңгедегі салымдары 2,7%-ға немесе 274 млрд теңгеге қысқарып, 9,9 трлн теңгені құрады. Халықтың салымдары, керісінше, 1,2%-ға немесе 131 млрд теңгеге өсіп, 11,5 трлн теңгені құрады.