Қазақстанда екі жаңа мереке: Аналар мен Әкелер күні пайда болуы мүмкін
Қазақстанда екі жаңа мереке: Аналар мен Әкелер күні пайда болуы мүмкін
Қаулы жобасы 17 наурызда қоғам талқысына ұсынылды.
Құжатта Аналар күнін – мамырдың екінші жексенбісіне, Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне белгілеу ұсынылған. Қаулы түсіндірмесінде аталған мерекелік күндерді бекіту еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал ететіні жазылған.