Жаңалықтар

Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан басталды

The final spritzer

Аталған науқан «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен басталады.

2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» атты ұлттық науқан өтуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл бастама – балалардың құқықтарын қорғауға, олар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға және қоғам назарын балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Науқан «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» деген жылы ұранмен бастау алып, республика көлемінде балаларға арналған түрлі мәдени және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, елдің әр өңіріндегі Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері өтіп жатыр. Бұл шаралар барысында ата-аналар мен балалар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік, ата-аналық міндет пен бала құқықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік алуда.