Қазақстанда Иммундаудың Еуропалық апталығы басталды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 сәуір, 2025
- 179

27 сәуірден бастап Қазақстанда Иммундаудың Еуропалық апталығы басталды. Ол 3 мамырға дейін жалғасады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның мәліметінше, екпелердің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бері полиомиелит, ал 2009 жылдан бастап дифтерия деректері тіркелмеген. Сонымен қатар, эпидемиялық паротит 100 еседен астам, А гепатиті 32 есе, В гепатиті 92 есе, ал қызылша 2 мың еседен астам азайған.
Дегенмен, қазіргі уақытта қызылша мен көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр. Қызылша жағдайларының 75 пайызы және көкжөтелдің 87 пайызы вакцина алмаған балалар арасында тіркелген.
2024 жылдан бастап ұлттық екпе күнтізбесіне 11–13 жас аралығындағы қыздарға арналған адам папилломасы вирусына (HPV) қарсы вакцинация енгізілді. Бүгінгі таңда бір дозаны 133 169 қыз бала, ал екі дозаны 21 194 қыз бала алған.
Қазіргі таңда иммундау бағдарламасы 21 түрлі инфекциядан қорғануды қамтиды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 11,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 мамыр, 2025