жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда көліктердің сынақ полигоны пайда болады

Қазақстанда көліктердің сынақ полигоны пайда болады
ашық дереккөзі
Қазақстанда көліктердің сынақ полигоны пайда болады
Алматыда автомобильдердің сәйкестігін бағалау мәселесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілттеме жасап. Іс-шараға Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев, аккредиттелген органдар мен сынақ зертханаларының мүшелері, сондай-ақ бизнес қауымдастықтар және техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты. Дөңгелек үстелде төмендегі мәселелер талқыланды:
  • көлік конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді ресімдеудің заңсыз схемалары туралы (сынақ жүргізбестен және қозғалтқыштың көлемі мен шығарылған жылы туралы мәліметтерді бұрмаламай);
  • жүйенің жетілмегендігіне байланысты е-терезе ақпараттық жүйесінде типті мақұлдауды ресімдеу мәселесі туралы;
  • автомобильдердің жаңа талаптарын сынау үшін зертханалық базаның болмауына әкеп соғуы мүмкін техникалық регламентке енгізілетін өзгерістер;
  • техникалық Кеден одағы шеңберінде көлік түрлерінің сәйкестігін бағалау және Қазақстанда сынақ автополигонын іске қосу бойынша Қазақстанның сынақ базасын дамыту туралы.
Біз аккредиттеу субъектілерінің қызметіне байыпты қарадық әрі көліктердің сәйкестігін бағалау нарығына жосықсыз қатысушыларды «тазарту» бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстанда сынақ жүргізу үшін автополигон болуға тиіс. Қазақстанның аккредиттеу және автобизнес мүдделі субъектілерінің қатысуымен осы бағыттың кезең-кезеңімен дамуын қалыптастыру қажет, - деді Арман Шакқалиев.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бизнес субъектілерінен алынған барлық ұсыныс одан әрі пысықталу үшін қарауға алынды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар