Жаңалықтар
Қазақстанда карантиннен кейінгі жұмыссыздық деңгейі қандай?
- авторjambylinfo.kz
- 14 маусым, 2021
- 246
Қазақстанда карантиннен кейінгі жұмыссыздық деңгейі қандай?
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов карантин уақытында азаматтарды қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар қабылданғанын жеткізді.
«Елдегі төтенше жағдай, карантин кезінде кейбір өндірістерді, жұмыс орындарын тоқтатуға тура келді. Нәтижесінде азаматтар жұмыс істемей, үйде отырды. Осыған байланысты ел тарапынан дағдарысқа қарсы бағдарлама, Жұмыспен қамту жол картасы қабылданды. Соның аясында былтыр 239 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары бар. Бірақ азаматтарды осы жұмыс орындарына тарту арқылы өткен жылы жұмыссыздық деңгейін 4,9% деңгейінде сақтай алдық. Егер бұл шаралар дер кезінде қабылданбаса, жұмыссыздық деңгейі бұдан да артық өсуі мүмкін еді», деді ведомство басшысы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала