жексенбі, 24 қараша, 2024 0:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда картоп маусым айында 40,7% қымбаттады – статистика

Қазақстанда картоп маусым айында 40,7% қымбаттады – статистика
ашық дереккөзі
Қазақстанда картоп маусым айында 40,7% қымбаттады – статистика
Қазақстанда бір айда азық-түлік бағасы 1,7% көтерілді. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. 2021 жылғы маусым айында 2021 жылғы мамырмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы – 1,7%, азық-түлік емес тауарларының – 0,8%, ақылы қызметтердің құны 0,7% қымбаттады. Атап айтқанда, бағаның өсуі сәбізге – 1,9 есе, қызылшаға – 1,5 есе, картопқа – 40,7%, күнбағыс майына – 5,6%, қой етіне – 2,7%, жармаларға – 1,8%, құмшекерге – 1,5%, құс етіне, жылқы етіне – 1,4%-дан, ет өнімдеріне – 1,1%, макарон өнімдеріне, нанға – 0,8%-дан, жаңа жиналған жемістерге, шайға 0,7%-дан белгіленді. Минералды және ас су – 1,3%, салқындатылған сусындар, алкогольды сусындар 0,9%-дан қымбаттады. Керісінше, қияр – 33,2%, қызанақ – 14,2%, жұмыртқа – 13,9%, сарымсақ – 11%, банан – 6%, апельсин 2,9% арзандады. Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 2,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,9%, құрылыс материалдарына – 1,5%, автомобильдерге – 1,3%, киім және аяқ киімге – 0,7%, ыдыс-аяққа, жуғыш және тазалағыш құралдарға, жеке қолданылатын тауарларға 0,6%-дан құрады. Бұдан бөлек, дизель отыны – 1,8%, баллондағы сүйытылған газ – 1,4%, бензин 0,3% қымбаттады. Баға деңгейі санаторий қызметтеріне – 3,7%, кешенді демалу ұйымдарына – 3%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне – 1%, қонақүйлер қызметтеріне – 0,9%, монша қызметтеріне 0,8% жоғарылады. Сондай-ақ авиабилеттер құны – 22,7%, қалааралық автобуспен жүру ақысы 2,4% қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,7%, электр энергиясына – 1%, суды бұруға, суық суға 0,5%-дан жоғарылады, ал ыстық суға 2,7% төмендеді.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар