Жаңалықтар

Қазақстанда кедейлік деңгейі 9 есе төмендеді

Қазақстанда кедейлік деңгейі 9 есе төмендеді

20 жылда (2001-2021 жылдар кезеңінде) еліміздегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46,7%-дан 5,2%-ға дейін азайған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған 2002 жылы күшіне енген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның қабылдануы әсер еткенін айтады. Ведомство мәліметінше, бүгінде атаулы әлеуметтік көмек 129 мың отбасына немесе 668 мың адамға тағайындалған. АӘК алушылардың 22%-ы шартсыз ақшалай көмек, 78%-ы шартты ақшалай көмек алды.