Жаңалықтар

Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді

Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді

Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды.    Тіркелу үшін: өтініш; ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі; техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы болуы қажет. Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Egov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.