Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға 63 адам шалдықты

Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға 63 адам шалдықты

Өткен тәулікте коронавирусқа 58 адам шалдықты, сондай-ақ 5 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті. 10 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 725 адам (коронавирустан (КВИ+) – 576, пневмониядан (КВИ-) – 149) емделуде. Олардың ішінде 68 пациент стационарда, 657 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 7 адамның жағдайы ауыр; - 2 пациенттің жағдайы өте ауыр; - 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.