Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді
Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді
Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. «Әлемде COVID-19-пен науқастану және одан өлім-жітімге қатысты ахуал әлі де құбылмалы болып тұр. Әлемде жалпы КВИ-дің 244 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Күн сайын 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 4,6 млн-нан астам адам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірі мәліметтеріне сәйкес, соңғы 2 аптада 54 елдің 26-сында аурудың өсімі байқалады», - деді министр. Оның атап өтуіншше, соңғы 7 күнде коронавирустың ең жоғары өсімі Мажарстанда 100 пайыз, Украина, Польша, Молдовада 60-80 пайыз, Аустрия, Германия, Беларусьте 30-50 пайыз, Черногория, Армения және Израильде 8-20 пайыз болған. Ал Испанияда ауру өсімі 60, Францияда 40, Грузияда 39, Әзербайжанда 16, Италияда 13, Швейцарияда 12, Ресейде 9 пайызға төмендеген. «Қазақстанда ауру өсімі соңғы 2 аптада 35 пайызға төмендеді», - деді Алексей Цой. Соңғы аптада Қазақстанда ауру деңгейі 14 пайызға төмендеп, аптасына 31 мың жағдайдан 25 мыңға дейін қысқарды.