Қазақстанда өлім-жітім 9,6%-ға азайды
Қазақстан адам өлімінің көрсеткіші бойынша 225 елдің ішінде 85-орында тұр.
«Қазақстан 2022 жылы өлім-жітім деңгейінің рейтингінде 225 елдің ішінен 85-орынға тұрақтады. Бұл шама 1 000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші бойынша түзілген. Қазақстан коэффиценті 8,11 болып тіркелді. Тізімнің ең басында Сербия, Румыния, Литва тұрса, ең аз көрсеткіш Катарға тиесілі», - делінген сараптамада.
Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 69,2 мың адам қайтыс болған. Бұл – былтырғы мөлшерден 9,6% аз.
«Өңірлер арасында Алматы облысында өлім-жітім көп тіркелді – 7,4 мың адам. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында өлім-жітім өзге өңірлерге қарағанда көп. Өлім-жітім ең аз тіркелген өңір – Маңғыстау (1,5 мың адам)», - деп жазады Ranking.kz.
Ресми дерек бойынша, елдегі өлім-жітімнің ең жиі кездесетін себебі – қан айналым жүйесінің аурулары, бұл дерттен 15,6 мың адам көз жұмған», - делінген материалда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 17:17