дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда макарон өнімдері қымбаттады

Қазақстанда макарон өнімдері қымбаттады
ашық дереккөзі
Қазақстанда макарон өнімдері қымбаттады
Қазақстанда макарон бағасы бір жыл ішінде 11%-ға қымбаттады  
Energyprom.kz зерттеуі бойынша, қаңтар-тамызда елімізде 100,8 мың тонна макарон, кеспе және басқа ұқсас ұн өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3%-ға аз. Өңірлік жағдайда сектордағы өнім көлемі бойынша Шымкент көшбасшы: 17,8 мың тонна өндірілген. Былтырғымен салыстырғанда 16,3%-ға за. Үздік үштіктің қатарына елорда (16,7 мың тонна, -19,2%) мен Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна, -1,3%) кірді. Жалпы алғанда, 2020 жылы елімізде 179,3 мың тонна макарон өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,2% -ға артық. Тамыз айының соңында макарон өнімдерінің бағасы айына 1,3 -ға және жылына 11,1%-ға өскен. Баға өсімі Атырау (22%), Қызылорда (18,4%) және Қарағанды ​​(17,5%) облыстарында қаттырақ білінді. «Жылдық динамикадағы макарон өнімдерінің ішінде кеспе - 12,4%, спагетти - 11,5%, вермишель - 10,9%, рожки 10,7%-ға қымбаттады», дейді сарапшылар. Қыркүйек айында базар мен дүкен сөресінде 1 кг кеспені 782 теңгеден, вермишель - 374 теңгеден, рожкиді - 361 теңгеден сатып алуға болады. Қазақстан астық одағы макарон өнімдерінің бағасы әлі өсетінін айтады. Себебі нарықта шикізат бағасы қымбаттаған. Биылғы құрғақшылыққа байланысты отандық фермерлер де бидайдан аз өнім алған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар