Қазақстанда мал экспортына тыйым салынды
Қазақстанда мал экспортына тыйым салынды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен қаржы министрі 2021 жылғы 11 наурыздағы "Ауыл шаруашылығы жануарларын шығарудың кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрыққа қол қойды. "Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынған тауарлардың тізбесі бекітілсін", - делінген құжатта. Атап айтқанда, тізімге: ірі және ұсақ малдың аналық басы кірді. Ірі қара малға сиырлар, ұсақ малға қойлар мен ешкілер жатады. Бірлескен бұйрық 2021 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.