Қазақстанда Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:21
- 48
Қазақстанда консультациялық-кеңесші орган – Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Кеңестің қызметі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының ауқымдылығын, ликвидтігі мен тиімділігін арттыруға, бюджет тапшылығының алдын алу үшін мемлекеттік қарыз алу құнын төмендетіп, квазимемлекеттік сектор нарығы мен корпоративті эмитенттер үшін тиісті бенчмарктерді жолға қоятын шараларды қалыптастыруға бағытталған.
Кеңестің негізгі міндеттері - макроэкономикалық жағдайлар мен қарыз тұрақтылығын ескере отырып, мемлекеттік қарызды басқаруға, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту мен оларды ішкі және сыртқы нарықтарға шығару саясатын қалыптастыруға келісілген әрі ортақ тәсілдерді әзірлеуді қамтиды.
Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңесті құру Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің және Ұлттық экономика министрлігінің фискалды және ақша-несие саясатын тиімді үйлестіріп, сондай-ақ бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту жөніндегі міндеттерге басымдық берілгенін айғақтайды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың тиімді және ликвидті нарығын дамыту мемлекеттік қаржы жүйесінің орнықтылығын арттырудың, табыс жағынан нарық бағдарын қалыптастырудың және еліміздегі қор нарығын одан әрі дамытудағы негізгі маңызды элементтердің бірі ретінде қарастырылып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Эрмитажды аралады
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Эрмитажды аралады
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:30




