жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда өмір бойына сотталғандарды күтуге ай сайын 181 мың теңге бөлінеді

Қазақстанда өмір бойына сотталғандарды күтуге ай сайын 181 мың теңге бөлінеді
ашық дереккөзі
Қазақстанда өмір бойына сотталғандарды күтуге ай сайын 181 мың теңге бөлінеді
Қостанай облысында аса ауыр қылмыс жасаған сотталушылар жазасын өтейтін "Қара бүркіт" түзету мекемесінде бір адамның ай сайынғы күтіміне мемлекет бюджетінен қарастырылған, деп хабарлайды Жамбылинфо Arbat.media сайтына сілтеме жасап. Бүгінде "Қара бүркіт" колониясында өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар, яғни, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтеуде. Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің дерегіне сәйкес бүгінде "Қара бүркітте" 180 адам отыр. Олардың әрқайсының ай сайынғы күтіміне мемлекет есебінен 181 мың жұмсалады. Ал мұндағы барлық сотталғандарға ай сайын 32 миллион 580 мың теңге бөлінген. Жазасын өтеушілер бір күнде үш рет тамақтанып,  бір рет таза ауада серуендеуге шығады. Сонымен бірге,  тәртіпке сай жақындарымен телефонмен байланысуға, кездесуге, мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндіктер реті қарастырылған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар