Қазақстанда өмір бойына сотталғандарды күтуге ай сайын 181 мың теңге бөлінеді
Қазақстанда өмір бойына сотталғандарды күтуге ай сайын 181 мың теңге бөлінеді
деп хабарлайды Жамбылинфо Arbat.media сайтына сілтеме жасап. Бүгінде "Қара бүркіт" колониясында өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар, яғни, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтеуде. Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің дерегіне сәйкес бүгінде "Қара бүркітте" 180 адам отыр. Олардың әрқайсының ай сайынғы күтіміне мемлекет есебінен 181 мың жұмсалады. Ал мұндағы барлық сотталғандарға ай сайын 32 миллион 580 мың теңге бөлінген. Жазасын өтеушілер бір күнде үш рет тамақтанып, бір рет таза ауада серуендеуге шығады. Сонымен бірге, тәртіпке сай жақындарымен телефонмен байланысуға, кездесуге, мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндіктер реті қарастырылған.