Жаңалықтар

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Тестілеуге қатысушылар 16 мамырдан 5 шілде аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттарымен ғана грантқа түсе алады. Тестілеуге 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері, мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, шетелде 11(12) сынып білім алушылары, қандастар, шартты түрде оқып жатқан студенттер қатыса алады. Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалғандары үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге. Айта кетейік, биыл елімізде 177 мыңға жуық түлек орта мектепті тәмам­дайды, бұл былтырмен са­лыс­­тырғанда 7 мың адамға көп.