сәрсенбі, 6 қараша, 2024 0:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбақ

Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбақ
ашық дереккөзі
Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбақ
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін туралы жаңа заңда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралатынын айтты. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында министрден жаңа заңға хиджаб, никаб және шолақ шалбар киюге тыйым салу енгізіле ме деген сұрақ қойылды. Балаева жаңа заңға бұл нормалар ұсынылатынын мәлім етті. "Міндетті түрде тыйымдар болады. Қоғамдық орындарда діни киімдер киюге шектеу қойылады. Мен бүкіл әлемдік тәжірибені зерттедім, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселесі. Қоғамдық орындарда бетін жауып жүретіндерді тану өте қиын», - дейді Балаева.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар