жұма, 30 мамыр, 2025 22:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда омырау сүті атты банкі ашылды

Қазақстанда омырау сүті атты банкі ашылды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда алғаш рет жаңа туған және шала туған нәрестелерге арналған емшек сүті банкі ашылды. Жоба Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жүзеге асырылып отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл маңызды медициналық бастама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және AYALA қайырымдылық қорының қатысуымен іске қосылған. Жоба неонаталдық көмекке мұқтаж, анасынан тікелей сүт еме алмайтын нәрестелердің өмірін сақтау мен денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Банкте емшек сүті арнайы стерильді ыдыстарда жиналып, төмен температурада (тоңазытылған және салқындатылған күйде) сақталады. Бұл тәсіл лактацияны қолдауға, аналардың күйзелісін азайтуға және ана мен бала арасындағы байланысты сақтауға көмектеседі.

«Бұл – шала туған және ауыр жағдайда туған балалардың өмірін сақтап қалуда таптырмас ресурс. Енді елімізде табиғи тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда, нәрестелер донорлық емшек сүті арқылы қолдау ала алады», – делінген ресми хабарламада.

Болашақта мұндай банктер елдің басқа өңірлеріндегі 3-деңгейлі перинаталдық орталықтарда да ашылады деп жоспарлануда.

Жоба Дүниежүзілік денсаулық күні аясындағы «Саламатты өмірдің басталуы – берекелі болашақтың кепілі» ұранымен жүзеге асырылды.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар