Жаңалықтар

Қазақстанда пәтерді жалға алу құны қымбаттап жатыр

Қазақстанда пәтерді жалға алу құны қымбаттап жатыр

27 маусымнан 26 шілдеге дейінгі аралықта баспананы жалға алу 4,2%-ға өскен.  Бағаның өсуі 13 қаланың 11-інде тіркелген. Атап айтқанда, Қостанай және Петропавлда 10%-ға өскен; Алматы мен Шымкентте – 7%-ға; Ақтауда – 5%-ға; Ақтөбеде – 4%; Астана, Қарағанды, Оралда – 3%; Павлодар, Көкшетауда – 2%. Атырауда баға өзгермеген. 27 шілде бойынша республика қалаларындағы тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы: - бір бөлмелі – 124 мың теңге; - екі бөлмелі – 165 мың теңге; - үш бөлмелі – 209 мың теңге.