Қазақстанда шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары аяқталды
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 6 тамыз, 2024
- 518
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі орталық штаб отырысында айтылды,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Зиянкестердің белсенді таралу орындарына тұрақты мониторинг жасалып, дрондармен қоса техниканы жедел көшіру, орталық үкіметтік және өңірлік деңгейлердегі жағдайды қолмен басқару және бақылау арқасында биыл фермерлердің егістіктері шегірткеден зардап шекпеген.
Қорғаныс іс-шараларының аяқталуына қарамастан, жекелеген өңірлерде шегірткенің пайда болуын бақылау бойынша тағы бір апта бойы жұмыс жүргізіледі. Үкімет шегірткеге қарсы белсенді жұмыс кезеңін аяқтап, келесі жылға дайындықты бастайды. Биылғы жоспарда – шегірткенің таралу көлемі бойынша болжам жасау және өңірлерде фитосанитариялық инспекциялар пайдаланатын дернәсілдердің пайда болу орындарын мониторингтеу үшін 100 дрон сатып алу қарастырылған. 2025 жылы алқаптарды өңдеу үшін дрондар сатып алу жоспарлануда.