Қазақстанда шенеуніктер қымбат қызметтік көліктерді сатып алуды жалғастыруда
Қазақстанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджет қаражатын үнемдеуге қатысты қатаң талаптарына қарамастан, шенеуніктер қымбат қызметтік көліктер сатып алуды жалғастырып жатыр
Ақпан айында Ақмола облысының «Мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» 2025 жылы шығарылған автокөлікті сатып алу бойынша конкурс жариялаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көліктің бағасы – 18,79 миллион теңге. Техникалық талаптарға сәйкес, автомобильде кемінде 2,5 литрлік қозғалтқыш, 8 сатылы автоматты беріліс қорабы және толық жетек жүйесі (4WD) болуы керек. Сонымен қатар, көлік круиз-бақылау, артқы көрініс камерасы, былғары салон, орындықтарды жылыту, тұраққа қоюға арналған сенсорлар, жарық пен жаңбыр датчиктері, сондай-ақ дисплейі бар мультимедиялық жүйемен жабдықталуы тиіс.
Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз ретінде «Hyundai Premium Astana» ЖШС танылып, көлікті 18,78 миллион теңгеге сатуды ұсынды. Бұл бюджеттен бөлінген сомадан бар болғаны 10 мың теңгеге төмен.
Айта кетерлігі, осы басқарманың басшысы болып қаңтар айында бұрынғы Степногорск әкімі Алпысбай Қайыржанов тағайындалған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен кеңейтілген үкімет отырысында бюджет қаражатын үнемдеу және орынсыз шығындарды қысқарту туралы тапсырма берген еді. Дегенмен, мемлекеттік органдар үшін қымбат көліктер сатып алу жалғасып жатыр. Мысалы, 4 наурызда Ақтөбе облысы әкімінің аппараты Байғанин ауданы әкімдігіне жайлы жол талғамайтын көлік сатып алуын «елді мекендердің алшақ орналасуымен» түсіндірді.