Жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік интернет-компаниялар бір жылда 35 млрд теңге салық төледі

The final spritzer

Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді

Соңғы үш жылда шет елдік компаниялар 75 млрд теңге салық төлесе, оның 35 млрд теңгесі тек өткен жылға тиесілі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдан бастап шетелдік интернет-компанияларға салық салудың жаңа ережелері енгізілген. Бүгінде елімізде 101 шетелдік компания тіркелген, олардың қатарында Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да ірі халықаралық корпорациялар бар.

Соңғы үш жылда бұл компаниялар 75 млрд теңге салық төлесе, оның 35 млрд теңгесі тек 2023 жылға тиесілі. 2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті.