Жаңалықтар

Қазақстанда ШЫҰ Су мәселелерін зерттеу орталығы ашылуы мүмкін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы экология саласындағы ықпалдастықты маңызды міндет деп атады. 

Президент келесі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толатынын еске салды.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта ШЫҰ-ға төрағалық ететін Қырғыз Республикасына және Президент Садыр Жапаровқа табыс тіледі.