дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда шынайы жалақы мөлшері өспей жатыр

Қазақстанда шынайы жалақы мөлшері өспей жатыр
ашық дереккөзі
Қазақстанда шынайы жалақы мөлшері өспей жатыр
Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері бір жылда 17,1 пайыз өсті. Бірақ оның шынайы көрсеткіші іс жүзінде еш өзгерген жоқ – небәрі 0,9 пайыз өскен, деп хабарлады Жамбылинфо nur.kz-ке сілтеме жасап. Бұл ретте ЕАЭО-ға мүше өзге елдердегі жағдай қандай? Қазақстанда орташа айлық номиналды жалақы мөлшері тұрақты өсіп жатыр. Мысалы, 2023 жылдың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш 350 542 теңгеге жеткен. Ал қаңтар-қыркүйек аралығында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметі бойынша, оның көлемі 350 487 теңге болған. Бұл – тура 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда орташа жалақы мөлшерінен 17,1 пайыз жоғары. Алайда бұл өсімді ел азаматтары байқамауы мүмкін. Өйткені номиналды көрсеткіште көптеген фактор, оның ішінде елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі ескерілмейді. Бұл ретте инфляция шынайы орташа айлық жалақы индексінің ішінде болғандықтан, ол Қазақстанда іс жүзінде өспей жатыр десе болады. ЕЭК мәліметіне сүйенсек, тұтынушылық индекстегі баға есепке алынбаса, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандықтардың шынайы жалақы мөлшерінің өсімі небәрі 0,7 пайыз болған. Бұл – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық ел арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Мысалы, Арменияда шынайы жалақы мөлшері – бір жылда 13,4 пайыз, Беларусьте – 10,1 пайыз, Қырғызстанда – 10,7 пайыз, Ресейде – 7,4 пайыз өсті. Бірақ елдегі жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын да ескеру қажет. Өйткені бұған дейін инфляция деңгейі жоғары болғандықтан, қазақстандықтардың жалақысының сатып алу қабілеті тіпті төмендеген кездері болған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар