Жаңалықтар

Қазақстанда SIM-бокстарды тек лицензиясы бар байланыс операторлары ғана әкеле алады

The final spritzer

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді

Елімізде SIM-бокстарды әкелуге және пайдалануға тек лицензиясы бар байланыс операторларына рұқсат беру жоспарлануда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі 2022 жылдың қарашасында қоңыраулардағы нөмірлерді ауыстыру әрекеттерін анықтап, бұғаттайтын техникалық тосқауыл енгізген. Осы уақыттан бері жүйе 65,3 миллион осындай қоңырауды анықтап, бұғаттаған. Сондай-ақ 85 GSM-шлюз бен 35 мың SIM-карта алаяқтардан тәркіленген.

2024 жылы құқық қорғау органдары осындай құрылғыларды пайдаланған 18 адамды ұстады.

"Байланыс саласын реттеу мақсатында GSM-шлюздарды тек лицензиясы бар операторлардың әкелуіне және пайдалануына рұқсат беру қарастырылуда. Сонымен қатар, олардың заңсыз тасымалы мен қолданылуына жауапкершілік енгізу мәселесі пысықталуда. Бұдан бөлек, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға "IP-телефония қызметтері" мен "интернетке қолжетімділік" лицензияларын енгізу көзделіп отыр", – деді Олжас Бектенов.

Абоненттік нөмірлерді рәсімдеуді қатаңдатуға бағытталған жаңа талаптар да әзірленді. Ұсынылған өзгерістер мыналарды қамтиды:
Нөмірді тіркеу кезінде міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруді қолдану;
Бір адамға 10-нан артық нөмір рәсімдеуге шектеу қою;
Абоненттік нөмір мен құрылғыларды қайта рәсімдеусіз басқа біреуге беруге тыйым салу.

Аталған заң жобасы қазір Мәжілісте қаралуда.