Жаңалықтар

Қазақстанда SIM-картасын біреуге бергендерге айыппұл салынбақ

Қазақстанда SIM-картасын біреуге бергендерге айыппұл салынбақ

  Енді Қазақстанда өзіне тіркелген абоненттік нөмірді үшінші тұлғаларға бергендерге айыппұл салынады. Бұл туралы Жамбылинфо Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, шетелдік алаяқтар қазақстандық ұялы байланыс компанияларының нөмірлерін пайдалана бастаған, бұл біздің азаматтармен оңай байланысуға мүмкіндік береді. Кейбір қазақстандықтар электронды SIM-карталарды өздеріне шығарып, ақылы түрде алаяқтардың қолына беруде. Алаяқтар осы нөмірлердің көмегімен WhatsApp мессенджерінде тіркеледі, сол арқылы олар қазақстандықтарға қоңырау шала бастайды. Сонымен қатар, бұл алаяқтардың орналасқан жерін анықтау қиындатады. Осы уақытқа дейін абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін жауапкершілік болған жоқ, бұл іс жүзінде азаматтардың алаяқтарға еркін көмектесуіне мүмкіндік беріп келген.