Жаңалықтар

Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2,9 есеге өскен

Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2,9 есеге өскен

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2,9 ееге артқан. Бұл туралы Санитарлық-эпдемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті. Ол келтірген деректерге қарағанда, елде карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейін вакцинация мен ревакцинация қарқыны 2 есеге төмендеп кетті. Халықтың екпе алуға деген белсенділігінің әлсіреуі мен вирусқа қарсы күрес шараларына салғырт қарауының салдарынан соңғы аптада коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық көрсеткіштері 2,9 есеге жоғарылады. Эпидемиологиялық мониторинг COVID-19 індетіне шалдығу деректерінің 80%-ке жуығы вирусқа қарсы екпе алмаған және соңғы вакциналаудан кейін 6 ай өтіп кеткен азаматтар үлесінде екенін көрсетті. «Бұл вакцинацияның вирусқа қарсы тиімділігін дәлелдейтін тағы бір көрсеткіш»,-дейді ресми өкіл. Дереккөз: Қазақпарат сайтынан