бейсенбі, 22 мамыр, 2025 11:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда соңғы қоңырау күні ауысты

Қазақстанда соңғы қоңырау күні ауысты
Фото: gov.kz
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Биыл елімізде соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтетін уақыт өзгертілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24-мамыр күндері өткізіледі.

Еліміз бойынша биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді,

Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні - 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде "Білімім - Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.

Бұл - бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.

Сонымен қатар мектеп бітірушілерге: "Барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз", - деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар