Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1,5 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1,5 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің санын жариялады деп хабарлайды Жамбылинфо Arbat.media сайтына сілтеме жасап. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгінде Қазақстанда 237 ардагер тұрып жатқанын айтты. «Оларға 9 мамырда барлық өңірлер бойынша тиісті материалдық төлемдер беріледі.  Бірдей көлемде, бірақ кейбір облыстарда артығырақ болуы мүмкін. Ол әкімдіктердің ұсынысына қарай. 1,5 млн теңгеден кем емес», - деді министр Мәжіліс отырысында.