Жаңалықтар

Қазақстанда су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау 80 пайызға дейін ұлғайды

Қазақстандық шарулар биліктен бұрын-соңды мұндай қолдау болмағанын айтады

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Министрліктің мәліметінше, Ббұл заманауи суару жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге көмектеседі.

Субсидия мөлшерін ұлғайту шешімін шаруалар қуана қабыл алды. Түркістан облысының диханы Жамантай Бейсенбаев биыл 10 гектар мақта алқабына тамшылатып суару жүйесін орнатқан. Шаруа суарудың жаңа әдісі арқылы тіршілік нәрін де тыңайтқышты да бірнеше есе үнемдегенін айтады.