сәрсенбі, 2 қазан, 2024 9:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда сусын және темекі өнімдерінің өндірісі артты

Қазақстанда сусын және темекі өнімдерінің өндірісі артты
ашық дереккөзі
Қазақстанда сусын және темекі өнімдерінің өндірісі артты
2022 жылғы қаңтар-тамызда елімізде өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,5% құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелген. Айтарлықтай өсім Жамбыл (11,4%), Ақмола (8,9%), Абай (8,6%) облыстарында және Алматы қаласында (8,5%) тіркелді. Төмендеу үрдісі – Жетісу (5%), Павлодар (3,1%), Қызылорда (2,6%), Қостанай (2,5%) және Түркістан (0,4%) облыстарында байқалған. Биылғы қаңтар-тамызда 32 127 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 16 987 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 52,9%), өңдеу өнеркәсібінде – 13 418 млрд теңгеге (41,8%). Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда елімізде түсті металл кендері (105,1%), көмір өндіру (102,2%), сусындар (107,5%), темекі өнімдері (115,4%), химия (111,8%) және металлургия өнеркәсібі (105,1%), резеңке және пластмасса бұйымдары (105,1%), машиналар мен жабдықтар, дайын металл бұйымдары (102,4%) өндірісі артқан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар