Жаңалықтар
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша татуластыру бабы алынып тасталуы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 26 шілде, 2021
- 435
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша татуластыру бабы алынып тасталуы мүмкін
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілмек. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық қорғау органдары әкімшілік іс жүргізуді зардап шегушінің өтінішінсіз де іске асыра алады. Дегенмен отбасылық зорлық-зомбылық көрген әйел, яғни зардап шегуші, көп жағдайда күйеуіне психологиялық, қаржылық жағынан тәуелді болғандықтан мәселені ушықтырғысы келмей, татуласуға келісімін береді. Өткен жылы бізге еліміз бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанымын деп жазылған 190 мың өтініш келіп түсті. Соның 4/1 ғана сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. Жалпы, зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік іс жүргізудің 60 пайызы екіжақтың татуласуына байланысты тоқтылады. Осы орайда біз тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда екіжақтың татуласу процесін қайта қарауды қолға алып жатырмыз. Яғни, алдағы уақытта күйеуі тарапынан әйеліне қол көтеру қайталанған жағдайда, татуласуды болдырмау жоспарда бар», деді Алексей Милюк ҚР ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала