жексенбі, 6 қазан, 2024 17:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда тағы 3 қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Қазақстанда тағы 3 қаржы пирамидасының басшылары сотталды
ашық дереккөзі
Қазақстанда тағы 3 қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Батыс Қазақстан облысында 400-ден астам адам «Лидер», «Алтын Тұмар», «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларына алданған «Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың қызметін тоқтатты. Орал қаласының екі тұрғыны «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларын ұйымдастырып, оларға азаматтардың қаражатын тартқан. Осылайша олар WhatsApp желісінде чат құрып, 7 күн ішінде салынған қаражаттан 100% асатын сыйақы алуды ұсынған», - деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі. Оңай табыс туралы жарнамаға алданғандар ақшаны қолма-қол да берген, Kaspi Gold картасына да аударып отырған. «Тергеу барысында бір салымшыға басқа салымшылардың есебінен шынымен де табыс түскені анықталды. «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларына 435 салымшының 63 миллион теңгеден астам қаражаты тартылған. Пирамиданы ұйымдастырушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп жазылған ресми мәліметте.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар