Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір облыс жаңа жұмыс кестесіне көшпек

The final spritzer

Ішкі сауалнама нәтижесінде бұл бастаманы мемлекеттік қызметкерлердің 70%-дан астамы қолдаған.

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлер жаңа жұмыс кестесіне көшпек, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz stan.kz сілтеме жасап.

2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкерлер жұмыс күнін жарты сағатқа ертерек бастайды. Жаңа жұмыс кестесіне сәйкес, жұмыс уақыты 08:30-да басталып, 17:30-да аяқталады. 

Тиісті бұйрыққа облыс әкімі Асхат Шахаров қол қойған.

Ресми хабарламада жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім ұжымдық түрде қабылданғаны айтылған.