Жаңалықтар

Қазақстанда тазы мен төбет күнін бекіту ұсынылды

The final spritzer

Құжатқа сәйкес, мерекелік күндер тізіміне 3 қыркүйек - Қазақы ит тұқымдары күнін қосу жоспарланған

Қазақстанда тазы мен төбет күнін бекіту ұсынылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Экология министрлігі мерекелік күндер тізіміне өзгерістер енгізуді ұсынды.

3 қыркүйек күні Қазақ ит тұқымдарының күні болып бекітілмек.

Бұл жоба 2025 жылғы 17 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

"Тазы мен төбет – қазақтың байырғы ит тұқымдары, қазақ халқының мақтанышы, "Жеті қазына" бірі. Тазы адамның аң аулаудағы таптырмас көмекшісі, сонымен қатар төбет – ата-бабаларымыздың отары мен мүлкін қырағы қорғаушысы",- делінген құжатта.