Жаңалықтар

Қазақстанда техникалық талаптарға сай келмейтін қара шайларға тыйым салынды

Қаулы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Уақытша санитарлық шараларды енгізу туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы қаулысы қабылданды, деп хабарлады  Jambylinfo.kz  elordainfo.kz сілтеме жасап. 

Қаулыға сәйкес, Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайдың төмендегі түрлерін әкелуге және өткізуге тыйым салынады:

1) «Апамның шәйі Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, «Orda Trade Astana» ЖШС қаптамалаған, Қазақстан Республикасы Алматы облысы,

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;

2) «Al-Hayat» Golg қоспалары бар қара шайы, өндірушісі «Empire KENIY E.P.Z. Limited», Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы,

Көкөзек ауылы, 751/2 учаскесі;

3) «БАЛҚИЯ Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, «Аль-Хадия» ЖК қаптамалаған, Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Алмалы ауданы,

Дүйсенов көшесі, 25;

4) «Pakistan tea» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 27;

5) «Alfarah» түйіршіктелген қара шай, өндірушісі көрсетілмеген;

6) «Aje Onim» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Орда Чай» ЖК, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша;

7) «Орда Кения» қара шайы, өндірушісі және қаптамалаушысы «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г; 

8) «Аль-Кайрат шәйі Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;

9) «Al-Jannat Premium» түйіршіктелген қара шайы. «Ferdaus» ЖШС өлшеп-орап, қаптамалаған, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Дүйсенов көшесі, 25/159;

10) «Sultan Suleyman» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 27.