жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда темекі тағы да қымбаттайды

Қазақстанда темекі тағы да қымбаттайды
ашық дереккөз
Қазақстанда келесі жарты жылдықтан кейін темекі бағасы тағы өседі.

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиевтің бұйрығында баяндалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сүзгісі бар немесе сүзгісіз 20 темекіге, папиростарға, сигариллалар мен қыздырылатын темекі өнімдеріне белгіленген ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгені құрайтын болады. Қазіргі уақытта бұл баға 920 теңге болса, жыл басында 870 теңге болған.

Қазақстан 2006 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенциясының қатысушысы болып табылады. 2024 жылғы деректерге сәйкес, елдегі халықтың шамамен 20 пайызы темекі шегеді.

2014 жылы елімізде 2,8 миллион адам темекі тартса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 3 миллион адамға жуықтаған.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар