Қазақстанда теміржол билеттері арзандайды
Қазақстанда теміржол билеттері арзандайды
Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр. «Биыл Бас көлік прокуратурасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне теміржол билеттерінің бағасының қымбаттауына қатысты наразылық білдірген еді. Ол толық көлемде қанағаттандырылды. Бүгінгі таңда теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды, осы норманы алып тастау туралы бұйрықтың жобасы уәкілетті органдармен келісілу сатысында. Енгізілген жаңа түзетулер жолаушыларға билет құнын едәуір төмендетуге және олардың шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.