сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ТikTok-қа тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда ТikTok-қа тыйым салу ұсынылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда ТikTok-қа тыйым салу ұсынылды
Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай кәмелетке толмағандардың TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды  Жамбылинфо Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Мәжілісмен осы сауалды көтеріп вице-премьер Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдады. Депутат өз сөзінде соңғы кездері жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиғалардың жиілеп кетуі бала тәрбиесінің мектепте, отбасында және қазіргі қоғамда әлі де болса шешімін таппай келе жатқанын айғақтайтынын атап өтті.
"Түркістандағы мектеп оқушысының өлімі, Қазалыда оқушыны тепкілеген жасөспірімдердің әдепсіз әрекеті, Өскеменде қызды ауыр соққыға жығу оқиғалары менің бүгінгі уайымым", - деді депутат.
Мәжілісмен Ішкі істер министрлігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаттарын қайта қарауды, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігіне мектептердегі мұғалімдердің академиялық білімін ғана емес, балаларға берілетін білім деңгейін, балалармен қарым-қатынасын бағалау тетіктерін енгізуді ұсынды.
"Әлеуметтік мұғалім, сынып жетекшісі іс-шараларды ұйымдастыру принциптерін қайта қарауы керек. Қазақстанда балаларға шексіз қызмет көрсететін TikTok әлеуметтік желісін кәмелетке толмағандар арасында пайдалануға тыйым салу керек", - деп түйіндеді сөзін Аманжол Алтай.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар