Қазақстанда ТikTok-қа тыйым салу ұсынылды
Қазақстанда ТikTok-қа тыйым салу ұсынылды
Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай кәмелетке толмағандардың TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Жамбылинфо Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Мәжілісмен осы сауалды көтеріп вице-премьер Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдады. Депутат өз сөзінде соңғы кездері жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиғалардың жиілеп кетуі бала тәрбиесінің мектепте, отбасында және қазіргі қоғамда әлі де болса шешімін таппай келе жатқанын айғақтайтынын атап өтті.
Мәжілісмен Ішкі істер министрлігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаттарын қайта қарауды, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігіне мектептердегі мұғалімдердің академиялық білімін ғана емес, балаларға берілетін білім деңгейін, балалармен қарым-қатынасын бағалау тетіктерін енгізуді ұсынды.