Жаңалықтар

Қазақстанда өткен жылы 518 мың тоннадан астам нан өндірілді

Қазақстанда өткен жылы 518 мың тоннадан астам нан өндірілді

Елімізде 2022 жылы 518 мың тоннадан астам нан өндірілді. Жаңа піскен нан өндірісінің индексі 99,1% құрады, деп хабарлайды Жамбыл инфо Экспресс К сайтына сілтеме жасап Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды. 2022 жылдың желтоқсанында жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының орташа бағасы келісіне 351 теңгені құраған. Ал бірінші сұрыпты ұннан жасалынған нан бағасы орта есеппен — 198 тг/кг, қара бидай наны 424 тг/кг сатып алынған. Айта кетейік, 2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар орташа есеппен жан басына шаққанда бірінші сұрыпты ұннан пісірілген 7,5 кг бидай нанын тұтынған. Қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 7 келіні, ауылдық жерде 8,2 келіні құраған. Бұл кезеңде қара бидай нанын жан басына шаққанда тұтыну мөлшері — 780 грамм (қалалық жерде — 979 гр, ауылдық жерлерде — 475 гр).