Жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру жөніндегі шешім жуырда жарияланады

Конкурс аясында азаматтардан 27 мыңдай өтінім түскен.

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру туралы конкурстың нәтижесі алдағы күндері белгілі болады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин мәлімдеді.

25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өткен конкурсқа 27 мыңнан астам ұсыныс түсіп, олардың ішінде тарихи әрі географиялық атаулар, сондай-ақ белгілі тұлғалардың есімдері көптеп кездескен.