Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2-3 жыл ішінде басталады
- авторjambylinfo.kz
- 27 ақпан, 2025
- 167

Қазақстанда Атом электр станциясын салатын компанияның нақты кім болатыны осы жылдың жазында белгілі болады.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта АЭС құрылысын жүргізуге ниетті компаниялардың мүмкіндіктері сараланып жатыр. Тендерге қатысушыларға 19 бөлімнен тұратын 207 сұрақ жолданған. Жеңімпаз туралы шешім жоспарланған мерзімнен бұрын қабылдануы да мүмкін.
Министрдің мәліметінше, елде кемінде үш атом электр станциясын салу көзделген. Халықаралық тәжірибе негізінде АЭС-тің жобалау кезеңі үш жылға дейін созылады, содан кейін құрылыс жұмыстары басталады.
«Біздің жоспарымыз бойынша кемінде үш атом электр станциясы салынады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, АЭС құрылысын жобалау үш жылға дейін созылады. Содан соң құрылыс жұмыстары басталады. Екі жылдың ішінде құрылысқа кірісеміз. Алайда нысанның негізгі құрылысы тек техникалық-экономикалық негіздеме аяқталғаннан кейін жобалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік органдардан барлық қажетті рұқсат алынған соң ғана басталады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз