жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды
Фото: gov.kz
Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандағы алғашқы алғашқы атом электр станциясы "Балқаш" деп аталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс аяқталды. Конкурс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 11 тамыздағы бастамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып, 2025 жылғы 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында eGov Mobile платформасында өтті.

"Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған "Балқаш" атом электр станциясы" атауы жеңімпаз деп танылды. Таңдалған атау атом электр станцияларын географиялық белгі бойынша атау жөніндегі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді", - делінген хабарламада.

Барлығы конкурсқа 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысқан. Әр қатысушыда бір ғана атау ұсыну мүмкіндігі болды.

2025 жылғы 5 қыркүйекте құрамына қоғам өкілдері, креатив индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кірген конкурс комиссиясы құрылды.

Түскен барлық өтінімнен 10 460 бірегей нұсқа анықталған. Өңдеу барысында кириллица, латын әрпі және мағыналас сөздер сияқты жазудың түрлі формалары да ескерілген.

Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралған. "Балқаш" атом электр станциясы" атауын 882 азамат ұсынған және ол танымалдығы бойынша қорытынды рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы атанған.

Сонымен бірге конкурс комиссиясы нысанның орыс және ағылшын тілдеріндегі атауларын анықтады:

"Атомная электростанция "Балхаш";

 Balkhash Nuclear Power Plant.

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар